Нығматулин алдағы Мәжіліс сайлауына қатысты пікір білдірді

Жаңалықтар
21.10.2020, 10:49

Қазіргі депутаттық корпустың жұмысы келесі шақырылымға дейін жалғасады

Нығматулин алдағы Мәжіліс сайлауына қатысты пікір білдірді
фото: parlam.kz

Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырыстың күн тәртібін қарауға кіріспес бұрын Мемлекет басшысының Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы жарлығына қатысты пікір білдірді.

«Парламент сайлауы - еліміз үшін де, халқымыз үшін де өте маңызды саяси қадам. Себебі парламенттік сайлау еліміздегі барлық саяси партияларға бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан алдағы сайлау демократияны нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге және еліміздің дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз», - деді.

Сондай-ақ Мәжіліс спикері Парламенттің келесі шақырылымы жұмысын бастағанға дейін қазіргі депутаттық корпус елімізді одан әрі дамыту және ілгерілету үшін заңнамалық базаны қалыптастыруды жалғастыра беретінін жеткізді.

Еске сала кетейік, Мәжілістің кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

Сұхбат

PhotoRoom