Қызылорда облысында жайылымда жүрген 700-ге жуық қой өртеніп кетті

Аймақ
22.10.2020, 16:04

Өрттен күйген басқа ұсақ мал саны анықталып жатыр

Қызылорда облысында жайылымда жүрген 700-ге жуық қой өртеніп кетті

21 қазанда сағат 18.50-де Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округі Түгіскен ауылында шамамен ауданы 30 гектар шабылған күріш алқабында құрғақ сабан жанған. Өрт 21 қазанда сағат 21:48-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД мен ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 19 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт салдарынан алдын ала болжам бойынша жеке шаруа қожалығына тиесілі жайылып жүрген 700-ге жуық қой өртеніп кеткен. Сондай-ақ өрттен күйген ұсақ мал да бар. Олардың нақты саны анықталып жатыр.

Сұхбат

PhotoRoom