Шымкент: Бір жарым мыңға жуық тұрғынға шипажайға жолдама берілді

Аймақ
25.10.2020, 15:38

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жабдықталған 18 «Инватакси» көлігіне 400-ден астам өтінім қабылданып, қазіргі таңда қызмет көрсетілуде

Шымкент: Бір жарым мыңға жуық тұрғынға шипажайға жолдама берілді

Шымкентте жыл басынан бері 1 401 адамға еліміздегі түрлі шипажайларға жолдама берілді. Оның ішінде 1003 зейнеткер, 398 адам мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.

Сондай-ақ, мүгедектерге арнайы жабдықталған 18 «Инватакси» көлігіне 400-ден астам өтінім қабылданып, қазіргі таңда қызмет көрсетілуде. Ал Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған 43 «Әлеуметтік такси» автокөлігіне 420 өтінім қабылданған.

Онымен қоса жыл басынан бері басқарма тарапынан үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 52 жолдама беріліп отыр. Одан өзге, осы кезеңде медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 24 жолдама берілген.

Сұхбат

PhotoRoom