Шымкент: Ecosana сенбілік акциясының 4 кезеңі Әл-Фараби ауданы аумағында ұйымдастырылды

Аймақ
25.10.2020, 16:05

Акцияның мақсаты жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаны таза ұстау, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған

Шымкент: Ecosana сенбілік акциясының 4 кезеңі Әл-Фараби ауданы аумағында ұйымдастырылды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында EcoSana сенбілік акциясының 4 кезеңі Әл-Фараби ауданы Сәуле шағынауданының Жаңабазар көшесі (Әскери бөлімше) аумағында өтті. 

Акцияның мақсаты жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаны таза ұстау, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Тазалық іс-шарасына ​қала белсенділері,  волонтерлік ұйымдар, Қоғамдық келісім, Жастар орталығы қызметкерлері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан құралған 17 команда жасақталып, 200-ге жуық  белсенді жас қатысты.

​Сондай-ақ акция барысында Сәуле шағынауданының аумақтарында қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазарту, әлеуметтік нысандардың айналасындағы қоқыс қалдықтарын шығару және тазалық жұмыстары жүргізілді. 

​​Cенбілік акциясы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылды.

Сұхбат

PhotoRoom