Әділет министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жаңалықтар
27.10.2020, 11:31

Азамат Әмірғалиев бұған дейін аталмыш ведомствода жауапты хатшы болған

Әділет министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Азамат Әмірғалиевті қызметінен босатты. Көп ұзамай, Үкімет қаулысымен Азамат Әмірғалиев Әділет министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Азамат Әмірғалиев 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын, 2018 жылы Инновациялық Еуразия университеті мен халықаралық бизнес мектебін (MBA) тәмамдаған.

1998-2006 ж.ж – ҚР Әділет министрлінігінің құрлымында түрлі қызмет атқарған.

2006-2009 ж.ж – ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама бөлімі басшысының орынбасары;

2009-2011 ж.ж. – «Альянс Банк» АҚ корпоративтік хатшысы;

2011-2019 ж.ж. - ҚР Президенті іс басқармасында заң бөлімін басқарып, аппарат басшысы қызметін атқарған.

2019 жылдың наурызынан бастап Әділет министрлігінің жауапты хатшысы болды.

Сұхбат

PhotoRoom