Мемлекеттік рәміздерді қолдану қағидасын қайта қарау керек – Тоқаев

Жаңалықтар
27.10.2020, 16:04

Президент патриот азаматтардың мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдайды

Мемлекеттік рәміздерді қолдану қағидасын қайта қарау керек – Тоқаев
Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы заңнамада туды пайдалануға қатысты шектеулер барын, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажеттігін айтты.

«Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын.

Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет», - деп жазды ол.

Сұхбат

PhotoRoom