Шымкент: Еңбекші ауданында 64 үйдің ауласы абаттандырылуда

Аймақ
28.10.2020, 15:00

Жыл соңында абаттандырылған үйлердің саны 565-ке жетеді

Шымкент: Еңбекші ауданында 64 үйдің ауласы абаттандырылуда

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында биыл 64 үйдің ауласына абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында абаттандырылған үйлердің саны 565-ке жетеді. Бұл көрсеткіш 89,7% пайызды құрайды. Қалған 47 үйдің ауласы инженерлік жүйелермен толық қамтылған соң барып абаттандырылады.

Сонымен қатар, 2011 жылы абаттандыру жұмыстары жүргізілген 80 көпқабаттың үйдің 43-нің ауласында орналасқан балалар ойын алаңшаларын жөндеу және қайта құру жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, аулаларының тозығы жеткен 46 көпқабатты үйдің ауласын жөндеу және балалар ойын алаңшаларын қайта құруға сметалық құжаттар әзірленді. Оларға 2021 жылға бюджеттік өтінім берілді.

Сұхбат

PhotoRoom