Шымкент: Ұлттық теннис орталығын абаттандыру жұмыстары жыл соңында аяқталады

Аймақ
29.10.2020, 13:01

Мердігер компания басшылары әлеуметтік нысанды жыл соңында пайдалануға беруді жоспарлауда

Шымкент: Ұлттық теннис орталығын абаттандыру жұмыстары жыл соңында аяқталады

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ұлттық теннис орталығы аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер «АлемСтрой – 1» ЖШС-і абаттандыру жұмыстарын мамыр айында бастаған болатын.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан нысанды аралап көрді. Бүгінде демонтаж және аллея автосуғарғышын орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Мұнда қосымша жаңадан 4 корт, көрермендер үшін шатырымен трибуна, сквер және келушілерге арналған автотұрақ болады.

Мердігер компания басшылары әлеуметтік нысанды жыл соңында пайдалануға беруді жоспарлауда.

Сұхбат

PhotoRoom