Шымкент: АГРС-3 нысаны жыл соңына дейін іске қосылады

Аймақ
31.10.2020, 18:00

Нәтижесінде 92,1% табиғи газбен қамтылған қала тұрғындарының саны 100 процентке жететін болады

Шымкент: АГРС-3 нысаны жыл соңына дейін іске қосылады

Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ құрайды. Ал бүгінгі таңдағы қаланың қажеттілігі — 250 000 м3/сағ құрап отыр. Жылыту маусымы басталған кезде қолданыстағы автоматтандырылған газ таратушы станциялары 100% жұмыс атқаруда.

Шымкетте  коммуналды-тұрмыстық тұтынушылардың көбеюіне байланысты қыста табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша мәселе туындайды. Сондықтан, қаладағы көгілдір отынмен қамтамасыз ету көлемін одан әрі арттыру үшін АГРС-3 нысанын салуға шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде 92,1% табиғи газбен қамтылған қала тұрғындарының саны 100 процентке жететін болады.

Бүгінгі күні «StroyGazCompany» ЖШС  «Автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГРС-3) өткізу қабілеті 250000 м3 /сағ болатын  объектінің құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

АГРС-3,  магистралды Қайнарбұлақ және Асар-2,  Алтынтөбе шағын ауданы,  Достық шағын ауданы мен Бадам (195 орам),  Асар-2,  Азат шағын аудандарында барлығы 8 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары хабарлады.

АГРС-3 нысаны жыл соңына дейін іске қосылып, тұрғындарды сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Сұхбат

PhotoRoom