Түркиядағы зілзаладан 76 адам қаза тапты

Әлем
02.11.2020, 10:29

Қирап қалған 8 ғимаратта құтқару-іздеу жұмысы жалғасып жатыр

Түркиядағы зілзаладан 76 адам қаза тапты

Измирдегі жер сілкінісінен қаза тапқан тұрғындардың саны 76 болды. Бұл жайында Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлім етті.

Кеше сағат 17.20 кезіндегі соңғы ақпаратқа сенсек, ауруханаға зілзаладан зардап шеккен 940 адам жеткізілген. Оның ішінде 722 адам көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді. 28 науқас әлі ем алып жатыр. Қирап қалған 8 ғимаратта құтқару-іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

Жер сілкінісінен кейін 947 афтершок болған, оның 43-інің магнитудасы 4 балдан асты.

Еске сала кетейік, жұма күні Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51 кезінде Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген. Зілзала ошағы - 16,5 шақырым тереңдікте.

Сұхбат

PhotoRoom