«Шымкент қаласының кітапханаларын дамыту және жаңғырту» бағдарламасы әзірленіп жатыр

Аймақ
03.11.2020, 17:01

Бағдарлама аясында еліміздің Ұлттық кітапханаларына қолжетімді болатын тұңғыш мемлекеттік цифрлық порталды құру, кітапханалардың Жарғысына өзгерістер енгізіп, Әл-Фараби атындағы ғылыми–әмбебап (Отырар) кітапханасын – әлемнің электронды кітапханалық жүйелеріне қосып, ғылым мен өнердің орталығы болып қайта жаңғырту көзделіп отыр

«Шымкент қаласының кітапханаларын дамыту және жаңғырту» бағдарламасы әзірленіп жатыр

Қазіргі технологияның дамыған заманында адамдардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бірден-бір қол жеткізілуі тиіс мақсаттардың бірі болып табылады. Бүгінде елімізде кітап оқу ісіне мемлекеттік және қоғамдық қолдау көрсетілуде.

Осыған орай, жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Шымкент қаласының кітапханаларын дамыту және жаңғырту» бағдарламасы дайындалып жатыр. Бағдарлама аясында еліміздің Ұлттық кітапханаларына қолжетімді болатын тұңғыш мемлекеттік цифрлық порталды құру, кітапханалардың Жарғысына өзгерістер енгізіп, Әл-Фараби атындағы ғылыми–әмбебап (Отырар) кітапханасын – әлемнің электронды кітапханалық жүйелеріне қосып, ғылым мен өнердің орталығы болып қайта жаңғырту көзделіп отыр. Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде көпшілік кітапханалардың орталықтандырылған жүйесі саналатын Абай атындағы кітапханаға – заманауи дизаин, жаңа технологиялар мен концептуалды толықтырулар енгізу жоспарлануда.

Одан өзге, аталған бағдарламаға сәйкес келесі жылы дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Kitapfest», төрт маусымдық «Bookoмaния fest», «Бізді кітап біріктіреді» акциясы мен баспагерлер жәрмеңкесі, кітаптарды реставрациялау, буккросинг, жасыл экономика секілді шараларды ұйымдастыру қолға алынбақ.

Сонымен қатар, қалалық кітапханаларда кітап оқуды насихаттау мен дамытуға бағытталған әдеби кештер, жазушылар және ақындармен кездесулер,  лекциялар, дөңгелек үстелдер, тақырыптық кітап көрмелері секілді іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Мәселен,  Жасөспірімдер кітапханасы қалалық қоғамдық көліктерде «Bookway 2020» әдеби жылжымалы кітапханасын ұйымдастырды. Іс-шарада тек кітаптар насихатталып қана қоймай, Абай образындағы әртіс қала тұрғындарына Абайдың қара сөздерін оқып, әндерін орындап, сұхбат жүргізген.

Сұхбат

PhotoRoom