ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АЗАМАТТАРҒА ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

Рейтинг
28.08.2024, 16:58
ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АЗАМАТТАРҒА ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

2024 жылғы 1 тамызға Шымкент қаласы халқының саны 1241,8 мың адамды құрады.  Бұл ресми тіркелген азаматтардың дерегі.  Міне, миллионнан аса тұрғыны бар үшінші мегаполисте  бүгінде 93 761 зейнеткер бар. Оның ішінде ҰОС ардагері – 2, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгені – 2 106, тыл еңбеккері - 1 729. Мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы көмек қаржысы 17 528 адамға өз тәртібімен төленіп жатыр. 
Биыл шаһардағы 7000 ардагер мен зейнеткерді санаторлық-курорттық емделуіне жолдама беру қарастырылған. Мемлекеттік сатып алу тәсілімен 5 мың, ал «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешеніне 2 мың зейнеткер қамтылады. Өткен жылы қаламыздағы ардагерлер шипажайда емделу мерзіміне қатысты ұсыныс айтып, осылайша биылдан бастап, санаторлық-курорттық жолдамалар күні 6-дан 10 күнге ұлғайтылды. Одан бөлек, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Ізетті зейнеткер» сауықтыру і кешені құрылып, сыйымдылығы бір онкүндікте 70 адамды қамтиды. Орталық жылына зейнет жасындағы 2000 адамға қызмет көрсете алады. Жыл басынан бері 1 308 зейнеткер сауықтыру кешенінен қызмет алған. Демалушыларға 5 мезгіл ыстық тағамдар ұсынылып, сапалы тамақтануы мамандар тарапынан қадағаланады. 
Осы ретте егде жастағы азаматтарға арналған ардагерлерді салауатты өмір салтына бағыттайтын «Белсенді Ұзақ өмір» орталықтарының жұмысын ерекше атап өтуге болады. Бүгінгі таңда шаһарда аталмыш орталықтың 3 бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Орталық күніне екі ауысыммен 560 зейнеткерге қызмет көрсетеді. Орталықта қарияларың бос уақыттарын тиімді пайдалануы үшін мәдени-рухани клубтар, тіл үйрету және компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Мұнда олар шахмат ойнап, кітап оқып, компьютерлік сауатын жетілдіріп, ағылшын тілін де үйрене алады. Үш қабатты ғимаратта заманауи тұлғаға қажетті барлық жағдаймен қамтамасыз етілген. Интернет-кафе, емдік-уқалау, физикалық-емдеу бөлмесі, кинозал, кітапхана, тренажер залы, йога, үстел теннисі, бильярд залдары және балаларға арналған ойын бөлмелері бар. Орталық тәуліктің күндізгі 4 сағат уақытында 70 қартқа арнаулы әлеуметтік және медициналық қызметтер көрсетеді. Барлық қызмет тегін. Жуырда тағы бір орталықтың ашылуы жоспарлануда.  
Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты  №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы I,II топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға стационарлық жағдайда қызметтер көрсетеді. Орталықтың сыйымдылығы – 70 төсек орын. Қазір мекемде 61 қарт қызмет алып жатыр. Ал, «№7 орталық үй жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Мекеменің 73 әлеуметтік қызметкері 560 жалғызілікті егде жастағы қарттарға аптасына екі рет үйіне барып қызмет көрсетеді.

Сұхбат

PhotoRoom