Шымкент: Аулаларды абаттандыруда отандық құрылыс заттары қолданылуда

Аймақ
09.11.2020, 13:31

Атап айтқанда отандық өндірушінің заманауи элементтері үш жылдық кепілдемесімен қойылған

Шымкент: Аулаларды абаттандыруда отандық құрылыс заттары қолданылуда
Фото: Серік Қосай

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында биыл 185 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілген. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін тұрғын үй аулаларына жаңадан орындықтар, қоқыс жәшіктері, орындықтар, тренажерлық кешендер, заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен ойын элементтері орнатылған. 

Алаңдарды абаттандыруда отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында отандық өндірушілердің құрылыс заттары пайдаланылып жатыр. Атап айтқанда отандық өндіруші «Степ Парк Кз» ЖШС-нің заманауи элементтері үш жылдық кепілдемесімен қойылған.

Бұл жөнінде  Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 10 айда атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте баяндады.

-Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Строй.ком Прогресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт түзіліп, 100 аула абаттандырылып тұрғындар игілігіне берілді. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» жобалары аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыдан 46, жергілікті бюджет тарапынан 36 қөпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылды, - деді.

Сонымен қатар, аудан әкімі қалған аулаларды қайта абаттандыру үшін 100 үйдің ауласына сметалық құжаттамалар әзірленгенін жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom