Шымкент: Әл-Фараби ауданында 8 көшеде жарық бағаналары орнатылды

Аймақ
10.11.2020, 18:00

404 көшенің 95-і жарықтандырылған болса, ішкі орамдық 309 көше жарықтандыруды қажет етеді. 400 ауланың 396-і жарықтандырылған

Шымкент: Әл-Фараби ауданында 8 көшеде жарық бағаналары орнатылды
Фото: Серік Қосай

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында жыл басынан бері  17 800 метр веложолдар және Сәуле шағынаауданы 276 орамға 4,9 км жолға шағал тас төселді. 10 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылаған аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов осылай деп мәлімдеді.

Аудан аумағындағы 404 көшенің 95-і жарықтандырылған болса, ішкі орамдық 309 көше жарықтандыруды қажет етеді. 400 ауланың 396-і жарықтандырылған.

Биыл аудан аумағындағы 8 көшеге 294 жарық бағаналары орнатылып, 8840 метр көше бойын жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. 3 көшеде 137 шам бағана ы қайта жөндеуден өтті. Ұзындығы 4120 метр көше жарықтандырылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы аудан аумағындағы 12 көшеге жалпы ұзындығы 3113 м ирригациялық жүйелер өткізілді. Аудан бойынша жалпы ирригация жүйенің ұзындығы – 99 800 м.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom