Шымкентте ұшқышсыз ұшу аппараты шығарылады

Аймақ
12.11.2020, 10:22

Электр қозғалтқыштан қуат алатын мақтаулы ұшақ жұмыс барысында 4-5 сағат тоқтаусыз әуеде қалықтайды

Шымкентте ұшқышсыз ұшу аппараты шығарылады

Шымкент қаласында «Made in Kazakhstan» белгісі бар ұшқышсыз ұшақ аппараттарын «RoboAvia» ЖШС жасап шығарады.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданына барған сапарында Тассай тұрғын алабындағы аталған өндіріс ошағының жұмыс барысымен танысты.

«RoboAvia» жеке кәсіпорны 2015 жылы құрылған. Заманауи жоғары технологиялық ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығару және пайдалану бойынша отандық кәсіпорын. Сондай-ақ, Қазақстандағы роботтандырылған әуе құралдарын басынан бастап шығаратын жалғыз компания.

Серіктестіктің басты басымдығы - «Sapsan -3000» аппараты. Электр қозғалтқыштан қуат алатын мақтаулы ұшақ жұмыс барысында 4-5 сағат тоқтаусыз әуеде қалықтайды. Сағатына 110 шақырым жылдамдықпен ұшады. 40 шақырым градус айналасында операторлармен байланыста болады. Бұл өнімге сұраныс өте жоғары.

Бұл кәсіпорында 38 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орны толық қуатында жылына 120 роботтандырылған ұшақ шығаруға қауқарлы.

Дронды ұшақтарды пайдаланудың маңызды артықшылығы – үлкен аумақтарды нақты уақытта қарау және автоматты патрульдеу мүмкіндігі. Пилотсыз ұшу аппараттарын бір күн пайдаланғанның өзінде 8000 гектардан асатын аэрофототүсірілім жасауға болады (ұшу биіктігі 1500 м). Сонымен қатар, бұл ұшақтардан түсірілген аэротүсірілім биіктіктен суретке түсірудің барлық әдістерінен әлдеқайда жақсы. Бұл ұшу апараттары мұнайдың төгілуі мен ағып кетулерін анықтайды, инфрақұрылым мен кіретін жолдардың жағдайын талдайды. Аэрофототүсірілім нәтижелеріне сүйене отырып, олардың көмегімен заңсыз мұнай айдау, бөтен көліктер мен құрылымдар, заңсыз жерді пайдалану және басқа да рұқсат етілмеген іс-әрекеттер анықтауға мүмкіндік береді екен.

Алып кәсіпорынның жұмысымен танысқан Шымкент қаласының әкімі ұшқышсыз аппараттардың мүмкіндігін пайдалана отырып, барлық салада тиімді пайдалану тұстарын зерделеуді және қолдану қажеттігін айтты.

Сұхбат

PhotoRoom