Шымкент: Автомобиль жолдары саласында 24,7 млрд. теңге игерілді

Аймақ
13.11.2020, 10:22

Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 мыңға жуық шақырымды құрайды

Шымкент: Автомобиль жолдары саласында 24,7 млрд. теңге игерілді
Фото: Серік Қосай

Шымкент қаласында биыл жол-құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала әкімі М. Әйтенов қаладағы жол саласында атқарылған жұмыстардың барысын пысықтады.

2020 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жалпы 33,8 млрд. теңге қаржы қаралған: республикалық бюджет – 10,8 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 23,0 млрд. теңге.

Биыл автомобиль жолдары саласына – 25,4 млрд. теңге бөлінген. 2020 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша 24,7 млрд. теңге немесе 73,1 % - ы игерілді. Қараша-желтоқсан айларында 6,2 млрд. теңге қаржы игерілетін болады.

Ағымдағы жылы қалада 261 нысан немесе 416,8 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның ішінде, осы жылы 236 нысан (306,7 шақырым) пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 мыңға жуық шақырымды құрайды. Оның ішінде: 1,8 мың шақырым. – асфальтталған, қалған 1,2 мың шақырым. – шағал тас пен топырақ. Жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 3,5 %-ға ұлғайып, жалпы 60%-ға жеткізу жоспарланған.

Сұхбат

PhotoRoom