Қазақстанда тұрғын үй бағасы 10 пайызға дейін арзандауы мүмкін

Әлеумет
16.11.2020, 09:54

Қазан айында жаңа үйлердің шаршы метрінің орташа құны 305 мың теңгеден асты

Қазақстанда тұрғын үй бағасы 10 пайызға дейін арзандауы мүмкін

Қазақстанда тұрғын үй бағасы 10 пайызға дейін арзандауы мүмкін. Бұл туралы жылжымайтын мүлік нарығы бойынша сарапшы Анель Мұқатова хабарлады. Қазір баға қолжетімді деу қиын. Қазан айында жаңа үйлердің шаршы метрінің орташа құны 305 мың теңгеден асты. Өткен айда елордада жасалған 5000-ға тарта келісімнің жартысынан көбі ипотекалық бағдарламалар арқылы рәсімделген. Жылжымайтын мүлік агенттігі арқылы келіссөздер негізінен екінші нарықтағы үйлерге байланысты жасалды. Көпшілік мұндай үйлерді 11 пайызға қымбат алуға мәжбүр болды. Сол себепті болар, келісімдер алдыңғы айға қарағанда 9 пайызға аз рәсімделген. Айта кетейік, келесі жылы бас қалада 10 мың әлеуметтік пәтер пайдалануға беріледі. 

«Елордада өткен айда жылжымайтын мүлік бойынша 4780 сату-сатып алу келісімі жасалды. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 9,6 пайызға аз. Десе де, агенттік көрсетететін қызметтер үлесі артқан. Оның 60 пайызы ипотекалық келісімдер болды. Ипотекалық несиелеу негізінен екінші нарықтағы үйлерге тиесілі. Азия-Тынық мұхиты елдері әлемдегі ең ірі еркін сауда аумағын құрмақ. Экономикалық әріптестік туралы құжатқа 15 мемлекет қол қойған. Оларға жаһандық экономиканың 30 пайызы тиесілі әрі мұнда екі млрд аса тұтынушы бар. Бір қызығы, бұл Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея арасындағы алғашқы ірі келісім. Сарапшылардың пікірінше, мұндай серіктестік АҚШ пен Қытай арасындағы ұзаққа созылған сауда соғысын тежеуі мүмкін. Оған қоса еркін сауда аумағын құру арқылы өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдеріне салынатын баж салығы төмендейді. Індет беті қайтқан соң, осы арқылы экономикалық ахуалды реттеу көзделеді», - дейді жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Анель Мұқатова. 

Елімізде мұнай отынының өндірісі 12%-ға азайды. Бұл туралы «Энерджипром» хабарлайды. Әсіресе, керосин 36%-ке, мазут 27%, дизельдік отын 6,5%-ке аз өндірілді. Биыл жол битумына көп назар аударылған. Себебі сұраныс артып келеді. Жыл басынан бері жалпы көлемі 9 млн тоннадан аса өнім өндірілген.

Өңделген мұнай өнімдеріне 600 млрд теңге (былтырғыдан аз) жұмсалды. Өнімнің дені Атырау, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласына тиесілі.

АИ 92 бензинінің бір литрі Атырауда 145 теңгеден, Шымкентке 148 теңгеден сатылып жатыр. Қарағандыда - 149 тг, Қызылордада - 150 тг. Өскеменде 152 тг, Нұр-Сұлтанда да осы баға, Павлодардан өнімді 155 теңгеге аласыз. 

Zoom бейнеконференциясы жүйесінің негізін қалаушы Эрик Юаннің байлығы 4,2 млрд долларға азайды. Пандемия кезінде тасы өрге домалаған компания акциялары қарашада 25 пайызға төмендеді. Осы аптада жағдайды сәл реттегеннің өзінде құн 19%-ға төмендеген. Америкалық «Форбстың» хабарлауынша, фармацевтикалық алып Pfizer (Пфайзер) коронавирусқа қарсы вакцинасының 90 пайызға тиімді екенін жариялағалы акциялары бірден шарықтап кеткен. Бұл ұйым қордағы өнімдердің 80 пайызын сатып үлгерген. Жалпы S&P 500 индексі бойынша бір аптадағы өсім рекордтық көрсеткішке, яғни 2,2% жетті. Ал Dow Jones 4% артқан.

Еске салайық, көктемде ғана Zoom акциялары 5,5 млрд доллар болды. Жазда 11 млрд-қа жеткен, қазандағы көрсеткіш 22 млрд доллардан асса, қарашада керісінше 25% құлады. Америкалық қор нарығындағы ең бай адам Джефф Безостың табысы 9,8 млрд долларға жетсе, Amazon-ның кірісі 5,5% артқан.

Тегтер:
Тұрғын үй

Сұхбат

PhotoRoom