Бозжырада салынатын қонақ үй аумағы 5-6 га шамасында болуы мүмкін

Аймақ
16.11.2020, 10:12

Шатқалда бір қабатты бутик-отель салынбақ

Бозжырада салынатын қонақ үй аумағы 5-6 га шамасында болуы мүмкін
фото: fishki.net

Маңғыстау облысының әкімдігі Қарақия ауданында орналасқан «Бозжыра» шатқалына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Бірнішіден, Бозжыраның басында ешқандай құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жоқ. 

Екіншіден, Жоба әлі қаралуда. Туристік нысан салуға ниетті компания тарапынан нақты әрі соңғы жоба әлі келген жоқ. Бұған дейін үш нұсқа ұсынылған болатын. Бірақ бұл соңғы варианты деген сөз емес. Яғни, толықтыру, жетілдіру процесінде. 

Үшіншіден, алдын-ала ел-жұртқа ескертілмей, қоғам талқысына неге ұсынылмаған деген тұрғындар уәж айтуда. Жоғарыда атап өттім. Әлі күнге дейін әкімдікке немесе тиісті жауапты мемлекеттік органдарға жобаның соңғы нұсқасы берілген жоқ. Қолға құжат тиген кезде, эколог, туризм саласының сарапшылары, журналистер және қоғам белсенділерінің ойын ескере отырып ашық форматта қоғамдық тыңдау ұйымдастырылады.

Төртіншіден, бутик-отель бой көтеретін болса, ең азы «Бозжыра» шатқалынан кемінде 1,1-5 шақырым қашықтықта салынуы тиіс. Бозжыра еш қоршалмайды, дәл қазіргі кейіпі сол күйінде сақталады.

Бесіншіден, отельдің аумағы 80 га деген қате ақпарат бар. Бұл жерде шамамен шағын ғана 5-6 га шамасында болуы мүмкін.

Алтыншы, бірнеше қабаттан тұратын, биік емес. Бір қабатты бутик-отель болмақ. Яғни, ойын-сауық орталығы емес, алыс жолдар шаршап келген туристерге қолайлы, демалуға ыңғайлы, ас ішіп аяқ суытатын орталық ретінде қарастырылып отыр.

Қоғам тарапынан тағы бір уәж бар. Қоршаған ортаға, айналысындағы жан-жануарға зиян болады деген. Керісінше, ол жерде соңғы технологияларды ескере отырып, газ, су, тоқ көздері тартылмайды. Барлығы күн және жел энергия көздерінен алынатын болады. Жауапты мекеме жол сала отырып,  ретсіз көлік жүрісін реттеп, қоқыс мәселесін қолға алады.

Тағы бір ескере кетсек, аталған жоба әлі талқылану үстінде, нақты жоба жасақталған бойда қоғам назарына ұсынылатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom