«Мен коммунист болып қала беремін»: Косарев келесі шақырылымда депутат болмайтынын айтты

Саясат
16.11.2020, 19:01

Парламент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді

«Мен коммунист болып қала беремін»: Косарев келесі шақырылымда депутат болмайтынын айтты
Фото: tengrinews.kz

Мәжілістегі ең егде депутат Владислав Косарев VII шақырылымда Мәжіліс депутаты болмайтынын мәлімдеді. Қазақстанның 10 қаңтарда сайланатын жаңа парламенттің депутаты болғыңыз келе ме деген сұрағына Косарев:

«Жоқ, мен депутат болмаймын», - деп жауап берді.

Сондай-ақ, ол жуырда өз атауынан «коммунистік» деген сөзді алып тастаған Қазақстан халық партиясының құрамынан шығып кеткенін айтты.

«Жоқ, әрине, мен оның құрамында қалмаймын. Олар бізден кетті, мені өздерінің жаңа партиясына шақырған жоқ. Мен ұйым атауына қарсы екенімді айттым, сол себепті олар басқа партия құрды. Мен коммунист болып қала беремін», - деді Косарев.

Айта кетсек, Владислав Косарев – парламент мәжілісіндегі ең қарт депутат. Бүгін, 16 қараша күні, халық қалаулысы 83 жасқа толды. Мәжілістегі "Халық коммунистері" фракциясының мүшесі, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

1990-2004 жылдары – екінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты;

2012-2016 жылдары – V сайланған мәжіліс депутаты, ҚКХП тізімі бойынша;

2016 жылы наурызда ҚКХП тізімімен VІ шақырылымдағы сайланған мәжілістің депутаты болып сайланды.

Сұхбат

PhotoRoom