Халыққа жұмыстың нақты нәтижесі керек – Мамин

Жаңалықтар
17.11.2020, 10:15

Үкімет басшысы «қағаз» анықтаманы жоюды тапсырды

Халыққа жұмыстың нақты нәтижесі керек – Мамин

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру мәселелері қаралды.

ҚР Мемлекеттік қызметтер тізілімінде 698 мемлекеттік қызмет түрі қарастырылған, олардың 85,5%-ы онлайн режимде көрсетіледі. Осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 90%-ға дейін жеткізіледі.

Үкімет басшысы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін кемінде 80%-ға жеткізуді, сондай-ақ ТКШ қызметтері бойынша астаналық IQalа жобасы үлгісімен тиімді шешімдер енгізуді тапсырды.

Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді eGov mobile-ға ауыстыру жоспарын бекіту тапсырылды.

«Халыққа жұмыстың нақты нәтижесі қажет. 2021 жылы «қағаз» анықтамалардың қажеттілігін толығымен жойып, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясынан қызметтерді жеткізуді қамтамасыз етіп, барлық онлайн қызметтер мен сервистердің қолжетімділігін 100%-ға дейін арттыруымыз керек», — деді А. Мамин.

Сұхбат

PhotoRoom