Шымкент қалалық өзбек драма театрының жаңа маусымы ашылды

Аймақ
17.11.2020, 15:45

Шымкент қалалық өзбек драма театры республика көлеміндегі жалғыз өзбек театры саналады

Шымкент қалалық өзбек драма театрының жаңа маусымы ашылды

Шымкент қалалық өзбек драма театры ғимаратының ағымдағы жөндеуден кейінгі XVIII маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Мәдениет үйіне 2020 жылы қалалық бюджеттен 129 807,0 мың теңге, оның ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 32 884,0 мың теңге бөлінген болатын. Театр ғимараты 1974 жылы салынған.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жөндеуден өткен театрдың ғимаратымен танысып, XVIII маусымының ашылуына арнайы қатысты.

Шымкент қалалық өзбек драма театры республика көлеміндегі жалғыз өзбек театры саналады. Театр репертуарында 50-ден аса қойылым бар. Мәдениет үйі бүгінде үздіксіз жұмыс жасап келеді. Театрда үлкен – 480 орынды және кіші – 80 орынды залдар бар. Штат саны – 53, оның ішінде шығармашылық қызметкерлер саны – 31.

Қала әкімінің бірінші орынбасары 2013 жылдан бері театр директорының қызметін атқарып келген Икрам Хашимжановты зейнеткерлікке шығуымен құттықтады.

Сұхбат

PhotoRoom