Шымкент: Қала әкімі ресейлік «Технониколь» компаниясының өкілдерімен кездесті

Аймақ
18.11.2020, 15:20

Атап айтқанда, ресейлік кәсіпкерлер битум-полимер материалдары, минералды мақта, композиттік плиткалар және т.б., материалдар өндірісімен айналысады

Шымкент: Қала әкімі ресейлік «Технониколь» компаниясының өкілдерімен кездесті
Фото: Береке Сейітжаппар

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ресейлік «Технониколь» компаниясының өкілдерімен кездесті. Мұрат Дүйсенбекұлы кездесуде трансұлттық компанияның «Энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын заманауи зауыт құрылысы» инвестициялық жобасымен танысты.

Аталған инвестициялық жобаның сомасы – 22,5 миллиард теңге. Компания өнімнің 20 %-ын Орта Азия, Қытай және Иран елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.

Technonikol – бұл құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын ресейлік трансұлттық компания. Компания нарыққа алдыңғы қатарлы ең жаңа технологиялар бойынша дайындалған өнімдерін ұсынады. Бүгінде кәсіпорынның әлемнің 6 елінде (Ресей, Беларуссия, Литва, Италия, Ұлыбритания, Германия) 53 өндіріс орны бар. Компания өнімдері 95 елге жеткізіледі.

Атап айтқанда, ресейлік кәсіпкерлер битум-полимер материалдары, минералды мақта, композиттік плиткалар және т.б., материалдар өндірісімен айналысады.

Сұхбат

PhotoRoom