Шымкентте 9 елді мекен сапалы электрмен қамтылды

Аймақ
19.11.2020, 10:31

Биыл сапасы төмен электрден жарық алатын 16 елді мекеннің ішкі электр жүйелері мен 3 қосалқы станцияның құрылысы жүргізіліп отыр

Шымкентте 9 елді мекен сапалы электрмен қамтылды

Шымкентте Азат, Қарабастау, Қаратөбе, Бадам-1, Өтеміс, Шапырашты, Жыланбұзған, Самал-3, Қайтпас-1 елді мекендегі 15 мыңға жуық тұрғын сапалы электр желісімен қамтамасыз етілді.

Бұдан бөлек, қазірде Асар-2, Тассай, Ақтас-1,2 шағын аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңында аталған елді мекендегі 8 мыңнан астам тұрғын сапалы электрге қол жеткізеді.

Биыл сапасы төмен электрден жарық алатын 16 елді мекеннің ішкі электр жүйелері мен қаланың солтүстік бөлігін сапалы электрмен қамтуға мүмкіндік беретін 3 қосалқы станцияның құрылысы жүргізіліп отыр.

Сонымен қатар, жыл соңында 7 нысанның құрылысы аяқталса, 13 елді мекенде 23,5 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады.

Сұхбат

PhotoRoom