Шымкенттіктердің ыстық лебізімен жасалған 2200 тұмар Душанбеге жол тартады

Аймақ
20.11.2020, 18:18

Келесі жылдың мәдени астанасы эстафетасын Тәжікстанның Душанбе қаласы қабылдап алмақ

Шымкенттіктердің ыстық лебізімен жасалған 2200 тұмар Душанбеге жол тартады

Санаулы күндерден кейін «Шымкент 2020 – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының жабылу салтанаты өтеді. Келесі жылдың мәдени астанасы эстафетасын Тәжікстанның Душанбе қаласы қабылдап алмақ.

Осы орайда, шымкенттік ісмерлер биылғы мерейлі мерекенің мәнін айшықтап, 2200 тұмар әзірлеуде.

– Біздің шеберлеріміз тұмар тігуге өздерінің үлкен сүйіспеншілігі мен махаббатын арнады. Шымкенттіктердің ыстық лебізімен 2200 тұмар Жібек жолымен аттанады. Ізгі тілекпен жасалған тұмарлар Душанбе қаласына жіберіледі, – дейді жауапты саланың өкілдері.

Мәдени астана жылының жабылуына орай қалада 14 қарашадан бастап «Шымкентке 2200 жыл» атты керуен өз жұмысын бастаған болатын. Керуен қала көшелерімен жүріп, қала тұрғындарының Душанбе қаласына деген ізгі тілектерін жинайды.

Айта кетейік, «Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсімі 22 қараша күні сағат 15.00-де онлайн форматта өтеді. Шара аясында қаладағы саябақтарда 7 жылжымалы театр, 5 музыкалық перфоманстары, ақындар, жазушылар және әдеби қайраткерлер бейнесіндегі бойлы қуыршақтар шеруі ұйымдастырылмақ. Қаламыздың жас суретшілерінің көрмесі мен ғимараттардың қасбеттерінде 7 муралдың тұсаукесері өтеді.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom