Шымкент: Қаратау ауданында 35 көшеге жарықтандыру бағаналары орнатылды

Аймақ
21.11.2020, 13:42

Аудандағы орталық маңызы бар 13 көшеге 70 аялдама орнату жұмыстары атқарылуда

Шымкент: Қаратау ауданында 35 көшеге жарықтандыру бағаналары орнатылды
Фото: Береке Сейітжаппар

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов баяндады.

– Биыл аудан аумағындағы тозығы жеткен 8 аула толық абаттандырылып, оларға заманауи үлгідегі балалар ойын элементтері мен жаттығу тренажерлары орнатылды. Сондай-ақ, 10 ашық спорт алаңшасы жаңадан салынды. Одан бөлек, 13 ашық спорт алаңында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен пайдалануға берілді, – деді Абзал Шымкентбайұлы.

Аудан әкімінің айтуынша, жалпы әлеуметтік нысандар орналасқан 35 көшеге жарықтандыру бағаналары орнатылған. Ал ұзындығы 13,4 шақырымды құрайтын 9 көшеге жарықтандыру бағаналарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, аудандағы орталық маңызы бар 13 көшеге 70 аялдама орнату жұмыстары атқарылуда.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom