Шымкент: «Ана үйі» қоғамдық қорында шеберлік сағаты өтті

Аймақ
27.11.2020, 15:58

Жас аналарға қолдау ретінде өткізілген шеберлік сағаты аналардың меңгеріп шыққан сабақтарына сәйкес жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді

Шымкент: «Ана үйі» қоғамдық қорында шеберлік сағаты өтті

Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қаладағы «Ана үйі» қоғамдық қорында «Алтын ине» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Іс-шараның мақсаты – «Ана үйі» қоғамдық қорындағы аналардың іскерлік пен икемділік қабілеттерін ояту. Аталған шеберлік сағатын Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері Ақерке Абдихаюмова жүргізді. Жас аналарға қолдау ретінде өткізілген шеберлік сағаты аналардың меңгеріп шыққан сабақтарына сәйкес жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұл шеберлік сағаты дәстүрлі түрде ай сайын ұйымдастырылуда.

Сұхбат

PhotoRoom