Шымкент: Қаладағы барлық шағын аудандардың соңғы нүктесіне дейін қоғамдық көлікпен қамту жүктелді

Аймақ
24.11.2020, 10:25

Сонымен қатар, әкім орынбасарлары құрылыс жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлерде инфрақұрылымды дамыту, тың жобаларды қолдануды және көгалдандыру мен коммуналдық жүйелердің сапасын жақсартуды тапсырды

Шымкент: Қаладағы барлық шағын аудандардың соңғы нүктесіне дейін қоғамдық көлікпен қамту жүктелді
Фото: Береке Сейітжаппар

Шымкент қаласы әкімі орынбасарлары Мәулен Айманбетов пен Айбек Сәттібаев басқарма басшыларымен кездесіп, бюджет қаралымын нақтылады.

Жиында осы жылғы бөлінген бюджеттің игерілуі және 2021 жылға жоспарланған жұмыстардың маңыздылығы мен көлемі туралы талқыланды. Шаһарда бірқатар мәселе туындатып отырған жер қатынастары, коммуникация және құрылысы жүріп жатқан нысандардың заңдылығын анықтап, дер кезінде тиісті шара қолдауды тапсырды.

Сала жетекшілері «Солтүстік Батыс», «Ынтымақ» «Достық», «Тұран», «Бозарық», «Қайнарбұлақ», «Асар», «Алтынтөбе», «Жұлдыз» шағын аудандарының инфрақұрылыммен қамтылуын мерзімінде аяқтауды ұсынды.

– Алдағы уақытта коммуналдық –тұрмыстық мақсаттағы нысандардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету және қала тұрғындарына барынша қолайлы жағдай жасау үшін аудан әкімдерінің функционалдық міндеттемелерін күшейту туралы қала әкіміне ұсыныс бердік, - деді Мәулен Айманбетов.

Сонымен қатар, құрылыс жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлерде инфрақұрылымды дамыту, тың жобаларды қолдануды және көгалдандыру мен коммуналдық жүйелердің сапасын жақсартуды тапсырды

Жиын соңында әкім орынбасарлары сапалы қызмет көрсетуге шақырып, қаладағы барлық шағын аудандардың соңғы нүктесіне дейін қоғамдық көлікпен қамтуды, жылыту жүйелері мен инфрақұрылымды дамытуды тиісті сала басшыларына тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom