Шымкентте «Coursera» платформасы бойынша тегін білім алуға болады

Аймақ
26.11.2020, 12:52

Оқытудың ең танымал бағыттарының ішінде ІТ технологиялар, бизнес курстары, тілдерді оқыту, жеке және мәдени даму, өнер, әлеуметтік ғылымдар бар. Сондай-ақ, «Teach English Now», «Programming for Everybody», «Business English», «Python» курсы негізінде ағылшын тілін үйренуге және грамматикалық сауаттылықты арттыруға зор мүмкіндік береді

Шымкентте «Coursera» платформасы бойынша тегін білім алуға болады
Фото: ашық дереккөздерден

Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасының ұйымдастыруымен әлемдегі танымал оқу орталықтарының бірі «Coursera» платформасы қала тұрғындарын онлайн оқыту курсына шақырады. Онлайн-оқыту платформасы бойынша білім алушылар 2021 жылдың 15 ақпанына дейін тегін білім ала алады. Ал курсқа тіркелу мерзімі осы жылдың 14 желтоқсанына дейін жалғасады.

Оқытудың ең танымал бағыттарының ішінде ІТ технологиялар, бизнес курстары, тілдерді оқыту, жеке және мәдени даму, өнер, әлеуметтік ғылымдар бар. Сондай-ақ, «Teach English Now», «Programming for Everybody», «Business English», «Python» курсы негізінде ағылшын тілін үйренуге және грамматикалық сауаттылықты арттыруға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Coursera» платформасында SMM менеджменті, интернет-кәсіпкерлікті, суретке түсіру негіздерін, сөйлеу этикетін, оған қоса танымдық курстарын да оқытады.

Тағы бір айта кетерлігі, «Coursera» білім беру платформасы әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінен (GOOGLE, IBM, Facebook, Stanford University, Yale University, Johns Hopkins University, Princeton University және т.б.) 4 мыңнан астам тегін курстан өтуге бірегей мүмкіндік береді.

Жобаға қатысу үшін «Coursera» платформасында «www.coursera.org» сайтына тіркеліп, e.mail поштаны толтыру қажет. Ал қосымша сұрақтар бойынша Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасы арқылы (8 778 417 60 97) хабарласуға болады.

Айта кетейік, білім алушылар курсты аяқтағаннан кейін сертификат алады.

Сұхбат

PhotoRoom