Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пилоттық жоба іске қосылады

Аймақ
26.11.2020, 15:02

Портал арқылы мүгедек деп танылған азаматтар өзіне қажетті тауар мен қызметті өз бетінше таңдауға мүмкіндігі бар

Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пилоттық жоба іске қосылады

Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пилоттық жоба қолға алынды. Енді олар 2021 жылдан бастап «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы техникалық оңалту құралдары мен арнайы әлеуметтік қызметтерге онлайн тапсырыс бере алады.

Портал арқылы мүгедек деп танылған азаматтар өзіне қажетті тауар мен қызметті өз бетінше таңдауға мүмкіндігі бар.

Ақпараттық порталды сапалы қызмет көрсетуді қаматамасыз ету үшін Әлеуметтік кызметтер саясатын дамыту департаментінің аға сарапшысы Айдар Сапаров Шымкент қаласындағы сала мамандарына порталдың артықшылығы жөнінде егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Шымкентте мүгедектігі бар жандар қажетті құралдар мен арнаулы әлеуметтік қызметтерге 2020 жылдың 3 маусымынан бастап портал арқылы өз бетінше тапсырыс беріп келген болатын. Келер жылы портал арқылы қызметтерді алу үшін ақпараттық жүйенің барлық пайдаланушылары ЭЦҚ-мен толық қамтамасыз етілсе http://aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы өз бетінше қызмет алуға мүмкіндігі бар.

Сұхбат

PhotoRoom