Бағдат Мусин бұрын ХҚКО-ға бармағаны үшін халықтан кешірім сұрады

Жаңалықтар
30.11.2020, 13:43

Цифрландыру министрі ХҚКО-ға тұтынушы ретінде барып, пұшайман болды

Бағдат Мусин бұрын ХҚКО-ға бармағаны үшін халықтан кешірім сұрады

Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өткен аптаның соңында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріне тұтынушы ретінде барып, пұшайман болғанын хабарлады.

«Өткен аптаның соңында ХҚКО-ға клиент ретінде бардым. Алайда, ХҚКО-ларда барлығы да қалағандағыдай емес. Күтпеген сәтте баруым - жалпы процеспентанысудың ең тиімді әдісі екенін тағы да түсіндім», - деп қынжылыс білдірді министр.

Министр ХҚКО жанындағы «көмекшілерге» тап болғанын, онда ЭЦҚ шығаруға және egov қызметтерін алуға ақшамен көмектесетінін жеткізді.

«Пандемияның өршуі кезінде ХҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары жабылды, бірақ қазір бұл дұрыс шешім емес екенін байқауға болады. Әрине, сол дүкенше келген орындарда адамдар топталуда, жұқтыру қаупі еш жойылмады», - дейді Бағдат Мусин.

Сондай-ақ министр ақысыз алынатын қызметтер үшін ақша төлеуге тура келетін де жасырмады.

«Бір апта ішінде өзіне-өзі қызмет көрсетудің барлық аймақтарын қалпына келтіруді тапсырдым! ХҚКО-да пандемиямен күресуге жай кейіп танытпай салмай, санитарлық жағдай жасау мен бақылау жүргізу жұмыстарымен айналысқаны дұрысырақ», - деп жазды ол.

Министр ХҚКО-ның санитарлық тораптарында жағдай айтарлықтай мәз емес екенін айтты.

«Санитарлық тораптарға жедел түрде жөндеуге қаржы бөлу, оларды әр сағат сайын суретке түсіру тәжірибесін енгізу, басшыларға және ахуалдық орталыққа фото жіберу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ өңірлік және аудандық басшыларын жеке жуынатын бөлмелері бар сәнді кабинеттерден айыруды тапсырдым. Басшы клиентпен бірге бір санитарлық торапқа баруы тиіс», - деп жазды министр.

Бағдат Мусин тіркеу орны жанындағы адамдардың топталуына қатысты да айтты. Сұраныстағы қызметтер бойынша «куәлікті жоғалтқан кезде не істеу керек?», «сіздің пәтеріңізде тіркеуде таныс емес адам табылған кезде не істеу керек?» және т.б. барлық кеңес жөнінде жеке лендинг-парақтарын жасау керектігі шешілді. Ал, анықтамаларды басып шығару үшін бұрынғы ақпараттық киоскілер кері қайтарылады, онда куәлікті қоюға, оны сканерлеуге және кез келген анықтаманы басып шығаруға немесе қызметке өтінім беруге болады.

«Жеке куәлігімді қалпына келтірдім. Суретке түсірген кезде, суретке қарау үшін адам оператордың мониторында тұруға және көруге мәжбүр. Әлбете, бұл ыңғайсыз. Барлық орындарға екінші монитор қою шешілді. Бұл шешім негізінен 2013 жылы стандартта бекітілді, сол енгізілген шешімді қалпына келтіру керек», - дейді Бағдат Мусин.

Цифрландыру министрі бұрын ХҚКО-ға бармағаны үшін халықтан кешірім сұрады.

«ХҚКО-ға барудың қажетілігі болмас үшін барлық қызметтерді онлайн түрде көрсетуге ауыстыруды ойладым. Алайда, ересек буын үшін ХҚКО-ға бару әлдеқайда дағдылы екенін мойындаймын. Сондықтан қызмет көрсету кезінде ыңғайлы болуына бұдан әрі жұмыс істейміз», - деп қорытындылады сөзін.

Тегтер:
Бағдат Мусин

Сұхбат

PhotoRoom