Шымкент: Қолөнер шебері көп балалы аналарға мастер-класс өткізді

Аймақ
01.12.2020, 18:37

Шеберлік сабағының мақсаты – көп балалы немесе толық емес отбасындағы, жалғыз басты аналардың өз алдына кәсіп ашуына қолдау көрсету

Шымкент: Қолөнер шебері көп балалы аналарға мастер-класс өткізді

Қазақы оюмен әдіптеліп, ұлттық нақышпен әрленген қазақы қамзол, сәукеле, қалыңдық көйлегі сияқты әсем дүниелер жасап жүрген, он саусағынан бал тамған шебер Ақбөпе Әлімханқызы Шымкент қаласындағы «Шаңырақ» отбасы институты орталығының «Отбасы мектебіне» қатысушы қыз-келіншектерге арнап әсем дүние жасау сабағын өткізді. Шеберлік сабағының мақсаты – көп балалы немесе толық емес отбасындағы, жалғыз басты аналардың өз алдына кәсіп ашуына қолдау көрсету. Сабақ барысында әшекей бұйымдарды сақтауға болатын немесе сыйлық ретінде тарту етуге де жарайтын сәнді қобдишаны қыздар бірлесе жасап шықты.

Ақбөпе Әлімханқызы отбасында отанасы бола жүріп, үйде отырса да осындай кестелеу, түрлі әшекей жасау, ұлттық нақыштармен әрленген киімдер тігу сияқты кәсіпке шәкірт баулып жүрген үш баланың анасы. Тапсырыспен түрлі керемет дүниелер жасайды. Көпбалалы аналарымыз осындай керемет кәсіп иесінен мастер класс алып, өз кәсібін дөңгелетуіне енді мүмкіндігі бар.

Сұхбат

PhotoRoom