Шымкент: Аз қамтылған отбасы мүшелеріне мамандар жұмысқа тұру жөнінде кеңестерін айтты

Аймақ
03.12.2020, 19:05

Кездесу барысында жұмыссыздыққа тап болған тұрғындар келіп, өз мәселелерін жеке-жеке баяндады

Шымкент: Аз қамтылған отбасы мүшелеріне мамандар жұмысқа тұру жөнінде кеңестерін айтты

Шымкент қаласы  "SHANYRAQ" Отбасы институтын қолдау орталығында көпбалалы және жалғызбасты аналар, сондай-ақ жұмыссыз азаматтар Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Ақмарал Пернебекқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында жұмыссыздыққа тап болған тұрғындар келіп, өз мәселелерін жеке-жеке баяндады.

Педагог білімі бар жұмыс ізденушіге мұғалімдерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы ашылған hr-process.kz сайтына кіріп, өз пәні бойынша бос жұмыс орындарының конкурстарына қатысуға кеңес берілді. Сонымен қатар басшы қазіргі кезде қоғамдық жұмысқа жолдау әдісімен автобустық парктерге Төлем жүйесінің бақылаушылары қабылданып отырғанын, бұл жұмыста 1 күн жұмыстан соң 2 күн демалыс берілетінін айтып өтті.

Оған қоса бүкіл республика бойынша бос жұмыс орындарын көрсетіп отыратын enbek.kz сайтында қазіргі кезде 900-ден астам бос орындар бар екен.

Кез-келген жұмыс ізденуші азамат Жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде тіркеліп, enbek.kz сайтындағы бос жұмыс орнына жолдама ала алады. Бірақ жұмыссыз ретінде тіркелуге барғанда өзіңізбен бірге ЭЦҚ ала барсаңыз, тіркелу процесі жылдам жүргізіледі деп түсіндірді.

Сұхбат

PhotoRoom