Шымкенттік студенттер ел үздіктерінің қатарында

Аймақ
02.12.2020, 19:15

Талантты жастарды қолдау мен жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге бағытталған республикалық байқауда 338 студент бақтарын сынады

Шымкенттік студенттер ел үздіктерінің қатарында
Фото: Серік Қосай

Шымкенттік жастар республикалық байқауда топ жарды. «Қазақстан Республикасы колледждерінің «ТОП-100 студенті» жобасына белсене қатысқан 4 шымкенттік студент жеңімпаздар сапынан көрінді.

Қалалық білім басқармасында өткен жиында жеңімпаздарды онлайн конференция арқылы Білім және ғылым вице-министрі Ш.Каринова құттықтады. Ал қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева белсенді жастарды алғыс хаттармен марапаттады.

Талантты жастарды қолдау мен жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге бағытталған республикалық байқауда 338 студент бақтарын сынады. Аталған байқауға қатысып, өздерінің нағыз үздік екендігін шымкенттік 4 колледж студенті дәлелдеп, топ жарды.

Республика көлемінде өткен байқауда білімін дәлелдеген студенттер қатарында Шымкент политехникалық колледжінің 4-курс студенті Тимур Казьмин, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің 4-курс студенті  Дастан Өмірзақ, Шымкент қаласындағы №6 колледждің 3-курс студенті  Байтұрсын Кенжебек, Шымкент қаласындағы №6 колледждің 3-курс студенті  Хабибула Усманов бар.

Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаз студенттерге Ж.Арысбекқызы 100 мың теңгенің қаржылай сертификаттарын табыстады. Олар сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды.

Салтанатты жиында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру студенттері арасында ұйымдастырылған «Ғаламшарды бірге сақтайық!» атты онлайн-акциясына қатысқан эко-волонтерлар да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатына» ие болды.

Тегтер:
Шымкент білім

Сұхбат

PhotoRoom