ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР СПОРТШЫЛАРДЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ПАСПОРТЫН ӘЗІРЛЕДІ

Рейтинг
04.09.2024, 10:26
ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР СПОРТШЫЛАРДЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ПАСПОРТЫН ӘЗІРЛЕДІ

Ұлттық спорт түрлері бойынша спортшылар мен спорттық жылқыларды 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындау және сайыс барысында сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің тапсырмасымен Кешенді ғылыми топ құрылды. Жобаның бас серіктесі  “Самұрық-Қазына” ӘАҚ, серіктесі “Спорт қоры” болып табылады.

“Ұлттық спорттың жоғары мектебі”  жанынан құрылған Кешенді ғылыми топ құрамында елімізге белгілі физиолог, зоотехник, ипполог, спорт психологы, биохимик ғалымдар жұмыс жасап жатыр.

Ғалымдар спортшыларға жүргізілген зерттеулердің қорытындысын генетикалық паспорт үлгісінде әзірледі.

Генотиптеу нәтижелерін түсіндіру авторлық әзірлеме негізінде жүргізілді. Бұл тест ептілікті, икемділікті және спорттық іс-әрекетте маңызды болуы мүмкін басқа да ерекшеліктерді анықтауға арналмаған.  

Бұл профильдегі генетикалық параметрлер жиынтығы негізінен үш физикалық қасиеттің маркерлерін (жылдамдық, күш, төзімділік), сондай-ақ қаңқа бұлшықеттері мен миокардтың морфофункционалды ерекшеліктерінің маркерлерін қамтиды.

Сұхбат

PhotoRoom