Шымкент: Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтер 95 пайыз цифрландыруға көшеді

Аймақ
04.12.2020, 13:50

Бүгінде қалада 165 мемлекеттік қызметтің 88 пайызын электронды түрде алуға болады

Шымкент: Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтер 95 пайыз цифрландыруға көшеді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға көшіру бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Бүгінде қалада 165 мемлекеттік қызметтің 88 пайызын электронды түрде алуға болады. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 95 пайызға жеткізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Одан бөлек, азаматтардың өтініші бойынша әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешу үшін «109» желісі және «iKomek» байланыс орталығы іске қосылды. Яғни, орталық халыққа тәулігіне 24 сағат қызмет көрсетуде, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімінің айтуынша, бюджетті жоспарлауда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында келер жылдан бастап қаладағы 4 аудан әкімдігі тарапынан «Халық қатысатын бюджет» жобасы енгізілген. Яғни кез келген тұрғын «электрондық үкімет» веб-порталына кіріп, өз ұсыныстарын қалдыру арқылы кері жауап алу мүмкіндігіне ие.

Айта кететін жәйт, келесі жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 200 үлкен көшенің бойында және 120 көше қиылысына «Сергек» камераларын орнату жоспарлануда.

Сұхбат

PhotoRoom