ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ БӨЛІГІ

Рейтинг
16.10.2024, 11:50
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ БӨЛІГІ

Отбасы еліміздегі негізгі әлеуметтік институт. Қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту әрі дамыту бүгінде мемлекетіміздің өзекті бөлігіне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әр отбасы – еліміздің әл-ауқаты мен гүлденуінің негізі, сондықтан мемлекет отбасы институтына қолдау көрсетіп, оны жан-жақты жүргізетінін» айрықша атап өткен болатын. Осының өзі мемлекетіміздің отбасы құндылықтары мен институттарына терең мән беретінін көрсетеді.


Өзбекәлі Жәнібеков атындағы педагогикалық университеттің студенттері «Ұлт тірегі – отбасы» атты жиында бас қосты. Аталмыш жиын Шымкент қалалық  ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Кездесуге Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қатысты. Жиында Назарбаев университетінің профессоры Ардақжан Жакенова, Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айғаным Мұхтарқызы сөз сөйлеп, қоғамдағы орын алып жатқан келеңсіздіктер мен зорлық-зомбылық жайлы, әйелдердің құқығы, әдеп-инабат өлшемдері жайлы кеңінен сөз қозғады.


– Бүгінгі іс-шараның біздің оқу ордамызда өтуі заңдылық. Өйткені университетімізде 7500 студент бар болса, оның 7000-ы қыздар. Кездесу үлкен диалог алаңы болды. Сонымен қатар, «Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсымен» бірлесіп «Аналар мектебін» құрмақшымыз. Университет білім алушыларының көпшілігі болашақ ана, педагогтар. Жаңа жоба олардың тәрбие бағытын, отбасылық құндылықтар мен ұлттық педагогика негізін қамтитын болады, – дейді университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева.


Шынтауйтына  келгенде  отбасының рөлі төмендеген кезде бала сыртқы ортаның әсеріне бейім бола бастайды. Қазір білесіздер, көп ата-аналар балаларының интернет, әлеуметтік желіден, ұялы телефоннан нені көріп отырғандығын, қандай контент жүктеп алғанын тексермейді. Соның салдарынан мектеп жасындағы ұл- қыздарымызды қазір ғаламтор  тәрбиелеп жатыр. Біз жастармен жастар тілінде диалогқа шыға отырып, заман міндеттеген қарым-қатынас платформасын таңдауымыз керек. Бүгінгі әлеуметтік желілер, қоғамдық институттар мен орталықтар тарих тағылымын, халық дәстүрін жастар санасына қолжетімді ерекше мазмұнда бейімдеуге дайын болса ғана ұрпақтар арасында байланыс, яғни сабақтастық орнауы мүмкін. Бұл ретте отбасылық құндылықтарды әр елдің бірегей сипатымен тоғыстыратын тәрбие мектебінің ұстанымдарына жүгінген дұрыс. Біз отбасын сақтау, оның қоғамдық қызметін аса маңызды институт ретінде бағалау арқылы ғана мемлекеттің болашағына зор үмітпен қарай аламыз.

Сұхбат

PhotoRoom