ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Рейтинг
16.10.2024, 12:11
ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Санаулы күндерден соң шымкенттіктер жылу маусымы өз жұмысын бастайтын сәтті күтуде. Ауа райының күрт суытуы үшінші қала тұрғындарын алаңдатпай қоймады. Шымкентте ағымдағы жылы жылыту маусымы 1-қарашада іске қосылатыны хабарланды. Биыл жалпы  Шымкентте 30 шақырымға жуық жылу құбыры ауыстырылды. Нәтижесінде ішкі орамдық және магистралдық желілердің тозу көрсеткіші 37%- дан 35-ке дейін төмендеді. Бұл туралы қаланы жылумен қамтып отырған кәсіпорынның бас инженері мәлімдеді. Айтуынша жаңғырту жұмыстарына республикалық және қала бюджетінен барлығы 4 миллиард теңге бөлінген. Жалпы жылу маусымы алдында 800 шақырымнан асатын жүйелер гидравликалық қысымдаудан өткізіліп, 137 жерде анықталған ақау жөнделген. Қазір мамандар құбырларды суға толтырумен айналысып жатыр.  Сонымен қатар тұтынушылардың қордаланған қарызын өндіруге кірісті. Шаһарға жылу жеткізуші кәсіпорынныңғ бас инженері Еділ Бүркітбаевтың айтуынша, бюджеттік мекемені қоса есептегенде борышкерлердің қарызы 641 миллион теңгеден асады. 


- Жылу жүйелері бойынша қалада барлығы 2107 көпқабатты үй бар. Қазір соның 2090 үйдің АКТ-сін алды. Бізде 211 бюджеттік құрылым бар. Оның 193 толық жылуға дайындық актілерін алды, - дейді маман.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымды дамыту бойынша Жолдауда да айтқан болатын. 


«Коммуналдық желілердің әбден тозуы салдарынан барлық өңірде дерлік қайта-қайта апат болып жатыр. Көптеген қалада жол, электр тарату желісі, газ құбыры секілді негізгі инфрақұрылымдардың тапшылығы қатты байқалады. Біз еліміздің инфрақұрылымдық қуатын қалыптастыруымыз қажет. Сондықтан, мен Ұлттық инфрақұрылым жоспарын қабылдауды ұсынамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.
Президенттің айтуынша, құжатта осы саладағы басты мәселелер ашық көрсетілуге тиіс. Сонымен бірге, 2029 жылға дейін іске асырылатын негізгі жобалар қамтылуы қажет.

Сұхбат

PhotoRoom