Шымкент: Республикалық статус алғалы бері қалаға 1 трлн теңге инвестиция тартылды

Аймақ
05.12.2020, 16:47

Осыдан 2 жыл бұрын өнеркәсіп өнім көлемі 319 млрд. теңге болса, бүгінгі күні 523 млрд.теңгеге жетті

Шымкент: Республикалық статус алғалы бері қалаға 1 трлн теңге инвестиция тартылды

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылғанына 2 жылдан астам уақыт өтті. Елбасы Жарлыққа қол қояр алдында Шымкенттің тек біздің елдің ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағының дамуына ықпал ететін орталық болатынын атап өткен болатын. Қазіргі күні бұл тарихи шешім қаламыздың болашағы үшін үлкен мүмкіндік ашты. Осыдан 2 жыл бұрын өнеркәсіп өнім көлемі 319 млрд. теңге болса, бүгінгі күні 523 млрд.теңгеге жетті, – деді М. Әйтенов.

Мұрат Дүйсенбекұлының айтуынша, республикалық статус алғалы бері қалаға 1 трлн. теңге инвестиция тартылды. 1,3 миллоннан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінде қаладағы белсенді кәсіпкерлердің үлесі 71 пайыздан 88 пайызға жеткен. Қала бюджеті 131,2 млрд. теңгеден 455,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайған.

Сұхбат

PhotoRoom