Шымкентте 400 мыңнан аса тұрғынға әлеуметтік төлем тағайындалды

Аймақ
05.12.2020, 18:59

Одан өзге 41 мыңнан астам әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден үлестірілген

Шымкентте 400 мыңнан аса тұрғынға әлеуметтік төлем тағайындалды

Шымкент қаласында төтенше жағдай кезеніңде табысынан айырылған азаматтарға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» есебінен әлеуметтік төлем беру жұмысы жүзеге асырылды.

Бұл жөнінде Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз брифинг барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

– Бірінші кезеңде 285 551 адамға 19,9 млрд теңге төленсе, екінші кезеңде 143 519 адамға 6,1 млрд теңге әлеуметтік төлем тағайындалды. Одан өзге 41 мыңнан астам әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден үлестіріліп, 17 мыңнан астам азаматтың коммуналдық төлемдері мемлекеттік бюджеттен өтелді, -деді Шымкент қаласының әкімі.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom