Шымкентте жыл соңына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

Аймақ
05.12.2020, 19:05

Алдағы 5 жылда 63 882 орындық 85 мектептің құрылысын жүргізу бойынша арнайы жоспар әзірленген

Шымкентте жыл соңына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

Шымкент қаласында қазір 7020 орындық 13 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 5100 орындық 8 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында айтты.

Алдағы 5 жылда 63 882 орындық 85 мектептің құрылысын жүргізу бойынша арнайы жоспар әзірленген. Осының есебінен ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешіледі.

Мұрат Дүйсенбекұлы өз баяндамасында қашықтықтан оқуды ұйымдастыру мақсатында осы жылы 47 330 компьютер алынғанын, нәтижесінде жыл басында 28 оқушыға бір компьютер келсе, қазір 4 оқушыға бір компьютер келетінін атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылы мұғалімдер мен тәрбишілердің еңбекақысы 25 пайызға көтерілгенін және келесі жылы тағы 25 пайызға көбейетінін айтты. 

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom