Шымкентте «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 10 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған

Аймақ
06.12.2020, 11:20

Сонымен қатар, жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде  жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмыстарға, кәсіптік оқуға, әлеуметтік жұмыстарға және жастар практикасына жолданды

Шымкентте «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 10 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған

Шымкент қаласында «Жұмыспен қамту Жол картасы» аясында 237 жобаға 8 542 жұмыс орны ашылып, оның 52 пайызы немесе 4 440  жұмыссыз азамат жұмысқа орналасқан.

Бұл туралы Нұр-Сұлтанда Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифинг барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты.

Сонымен қатар, жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде  жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмыстарға, кәсіптік оқуға, әлеуметтік жұмыстарға және жастар практикасына жолданып, 10 055 адам тұрақты жұмысқа тұрды. Ал 6 802 адамға кәсіпкерлікті дамыту бойынша көмек берілген.

 

Сұхбат

PhotoRoom