«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» аясында 1700-ден аса іс-шара өтті

Аймақ
06.12.2020, 12:22

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мерекелі жылды қорытындылап, ТМД мәдени астанасы эстафетасын Душанбе қаласының төрағасы Рустами Эмомалиға табыстады

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» аясында 1700-ден аса іс-шара өтті

Биыл Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойы «ЮНЕСКО» көлемінде тойланып, «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» шарасын өткізді. «Мәдени астана жылы» елдегі пандемияға байланысты 1 700-ден астам іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылды.

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы ОКҚ алаңындағы баспасөз брифинг барысында баяндады.

Айта кетейік, «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі онлайн форматта «Цитадель» тарихи-мәдени кешенінде өткен болатын. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мерекелі жылды қорытындылап, ТМД мәдени астанасы эстафетасын Душанбе қаласының төрағасы Рустами Эмомалиға табыстады.  Тәжікстандық делегация өкілдеріне эстафетаны тапсыра отырып, қонақтарға "Достық сыйы" атты топтама тарту етті. Қазақ халқының дархан да қонақжай болмысын білдіретін "Достық сыйына" Шымкенттің 2200 жылдық тарихы жазылған 2200 кітап, қаламыздың символына айналған қызғалдақтың 2200 түбі және қала тұрғындарының душанбеліктерге ыстық лебізі мен сәлемі жазылған 2200 ашық хат қосылған.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom