Шымкент: 9,5 млрд теңге бюджет қаржысы оңтайландырылды

Аймақ
06.12.2020, 14:38

Үнемделген қаржы денсаулық сақтау, дезинфекция, қашықтан оқу режимге қатысты шығындарға қайта бағытталған

Шымкент: 9,5 млрд теңге бюджет қаржысы оңтайландырылды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов биылғы қалалық бюджет жөнінде де егжей-тегжейлі айтып берді. Оның айтуынша осы жылғы бюджет өткен жылға қарағанда  1,8 есеге ұлғайып, 455,4 млрд теңгені құраған.

Сонымен қатар, пандемияға байланысты мемлекеттік органдардың материалдық-техникалық базасы, мәдени және спорт секілді өзге шығындардан 9,5 млрд теңге қаржы оңтайландырылып, үнемделген қаржы денсаулық сақтау, дезинфекция, қашықтан оқу режимге қатысты шығындарға қайта бағытталған.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom