Кәсіпкерлерге қолдау көрсету - мемлекет үшін маңызды қадам

Рейтинг
18.10.2024, 15:23
Кәсіпкерлерге қолдау көрсету - мемлекет үшін маңызды қадам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында 2024 жылы республикалық бюджеттен сауда саласындағы жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін 4 млрд теңге бөлінеді. Мемлекеттік құрылымдар кәсіпкерлерге екі жолмен қолдау көрсетеді: пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және несиелік кепілдіктер беру арқылы. Қаражат сауда базарларын жаңғыртуға, сауда объектілерін салуға және қайта жаңартуға, "үйде" дүкендер ашуға және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге бөлінетін болады.

Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкер несие алуға банкке, сондай-ақ "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорына жүгінуі қажет. Кредиттік өтінім мақұлданған жағдайда мемлекет сыйақы мөлшерлемесінің 10,75 пайыздық тармағын субсидиялайды, айырманы қарыз алушының өзі төлеуге тиіс. Облыс орталықтарындағы кәсіпкерлер үшін несиенің ең жоғары сомасы 3 млрд теңгені, ал моно - және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде – 1,5 млрд теңгені құрайтын болады. Субсидиялау мерзімі: инвестициялық мақсаттарға 5 жылдан аспайды ал айналым қаражатын толықтыруға 3 жылдан аспайды.

Бұл ретте моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде мемлекеттік қолдау шаралары барлық саудаға шектеусіз таратылатын болады. Егер кәсіпкердің кредитті ресімдеу үшін кепілді мүлкі болмаса, ол сондай-ақ қарыздың бүкіл мерзіміне кепілдіктер алу үшін "Даму" қорына жүгіне алады. Жұмыс істеп тұрған субъектілер кредит сомасының 50% – на дейін кепілдік ала аласа, бастаушы субъектілер (тіркеу мерзімі 3 жылдан аспайтын) - кредит сомасының 85%- на дейін алуға мүмкіндік бар.

Мемлекеттік қолдау көрсетілгеннен кейін кәсіпкерге қарсы міндеттемелер қойылады. Олар өз сөрелерінде отандық өндірістің азық –түлік тауарларының 50% - на дейін (Ішкі сауда қағидалары шеңберінде 30% + мемлекеттік қолдау қағидалары шеңберінде 20%) және азық-түлік емес тауарлардың 20% - на дейін орналастыруға тиіс. Бұдан басқа, саудагерлер тауарлардың Ұлттық каталогын пайдаланып, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын бақылауы керек.

Айта кету керек, Шымкент Қазақстанның кәсіпкерлік орталығы ретінде көш бастап тұр. Әлеуметтік-экономикалық даму оң динамиканы көрсетіп келеді. Биылғы жылы қаланың ішкі тауар айналымы 14% - ға өсіп, 2,4 трлн теңгені құрады. Саудаға инвестиция тарту жоспары екі есе орындалып, 88,5 млрд теңгені құрады. Сондықтан кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету маңызды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Сұхбат

PhotoRoom