Шымкент: Алғаш рет LEONARDO лазер аппаратын қолдану шеберлік сабағы өтті

Аймақ
06.12.2020, 15:43

Атап айтқанда, аппарат геморрой, фистула, гинекологиялық, урологиялық, ЛОР аурулары, омыртқа грыжалары және қалқанша безінің түйіндері сияқты ауруларды емдей алады

Шымкент: Алғаш рет LEONARDO лазер аппаратын қолдану шеберлік сабағы өтті

Шымкентте алғаш рет № 1 қалалық клиникалық ауруханасында германиялық Biolitec компаниясы шығарған LEONARDO лазер аппаратын қолдануымен шеберлік сабағы өтті.

Ең соңғы үлгідегі LEONARDO лазерлік аппараты көпфункционалды және оны қолдану аясы өте кең. Атап айтқанда: геморрой, фистула, гинекологиялық, урологиялық, ЛОР аурулары, омыртқа грыжалары және қалқанша безінің түйіндері сияқты ауруларды емдей алады.

Бұрын мұндай операциялар ұзақ жасалатын, операциядан кейін айтарлықтай тыртықтар қалатын. Науқас осындай жарақаттанудан кейін ұзақ уақыт қалпына келетін. Ал енді заманауи лазерлік технология осы мәселелердің барлығын шешті. Операция ұзақтығы 15-20 минут, ауырсынусыз,наркозсыз, операциядан кейін тыртық қалмайды, бірнеше сағаттан соң пациент үйіне қайтады.

Шымкент қаласының дәрігерлері жаңа әдістерді, заманауи медициналық технологияларды енгізу арқылы көптеген жетістіктерге жетуді жоспарлауда.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom