Шымкент: "BI GROUP" компаниясы мен жергілікті кәсіпкерлер ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Аймақ
06.12.2020, 16:45

Кәсіпкерлер жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау мақсатында құрылыс жұмыстарына жұмысқа қабылдауға мүмкіндік береді

Шымкент: "BI GROUP" компаниясы мен жергілікті кәсіпкерлер ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Шымкент қаласында BI Group холдингінің өкілдері кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жалпы қаламыздағы инвестиция көлемін бірлесе көтеру мақсатында екі тарап «Ынтымақтастық» меморандумына қол қойды. Алдағы уақытта жаңа жобалар қатары түзіліп, іске кіресетін кезең де алыс емес.

Бүгінде BI Group құрылыс-инвестициялық холдингі 25 жылдың ішінде еліміздегі сенімді серіктестікке айналып отыр. Компания беделді жұмыс берушілердің қатарынан алдыңғы орында тұр. Қазіргі таңда онда 5000-нан аса қызметкер жұмыс істейді. Осындай алпауыт холдингпен бірігіп іс атқару Шымшаһардың кәсіпкерлері үшін де үлкен тәжірибе болмақ.

Нұрлан Қабыштаев – Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры:

BI Group холдингі даму бөлімінің менеджері Айдын Жакежанов бизнес саласында көптеген белестерді бағындырған жан. Өз ісінің нағыз маманы болуды аңсаған әрбір азаматқа жол көрсетуде аянып қалмайды. Оның айтуынша, оңтүстік өңірінің кәсіпкерлерімен бірігіп, серіктестікті нығайту қаламыздың инвестиция көлемін арттыра түсетіні сөзсіз. Сондай-ақ, ол алдағы 5 жылға қойылған жоспарда көлемі 200 миллиард теңгеден асатын жобалар іске асуы мүмкін, – дейді.

Айдын Жакежанов - BI Group-тың даму бөлімінің менеджері:

Айта кетерлігі, пандемияға байланысты қаламызда 3000 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Көбісі карантиннің салдарынан табыс көзінен айырылған. Сол себепті, кәсіпкерлер жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау мақсатында құрылыс жұмыстарына жұмысқа қабылдауға мүмкіндік береді. Өйткені, құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жалғасын табады.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom