Қазақстанда ағаштарды заңсыз кескендерге жаза күшейтіледі

Жаңалықтар
10.12.2020, 10:59

Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы ел аумағының 11%-ын құрайды

Қазақстанда ағаштарды заңсыз кескендерге жаза күшейтіледі

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында орман ресурстарын қорғау және қалпына келтіру мәселелері қаралды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов баяндама жасады.

ҚР мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы ел аумағының 11%-ын құрайды (30 млн гектардан астам). Республиканың ормандылық көрсеткіші – 4,8%.

Мемлекет басшысы бес жыл ішінде орман қорында 2 млрд ағаш және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу міндетін қойды. Бұл Қазақстан 2018 жылы қосылған «Бонн шақыруы» жаһандық бастамасы аясында ормандылық деңгейін арттыруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

ҚР «жасыл» қорының айтарлықтай өсімін қамтамасыз ету үшін осы жылдың желтоқсан айында Үкімет өсімдік әлемі объектілерін сақтау және ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі заң жобасын Парламентке енгізеді. Ол жасыл желектерді пайдалану кезінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ қатынастарды реттеуге бағытталған.

Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге ағаштарды заңсыз кескені үшін жауапкершілікті күшейтетін түзетулер әзірленді. Сонымен бірге кесілген ағаштардың орнына өтемдік ағаш отырғызу нормаларын ұлғайту көзделген.

Премьер-министр экология, ауыл шаруашылығы, индустрия, қаржы министрліктеріне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, екі ай мерзімде Ормандарды қалпына келтірудің және ағаш өсірудің кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Өңірлердің әкімдіктеріне елді мекендер мен мемлекеттік орман қорындағы жасыл желектерді мониторингілеу, түгендеу, олардың жай-күйі мен пайдаланылуын бақылау, орман қорғау қызметтерін материалдық-техникалық және кадрлық жарақтандыруды нығайту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Сұхбат

PhotoRoom