Шымкентте республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі өтті

Аймақ
10.12.2020, 20:47

Байқаудың мақсаты - 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу

Шымкентте республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі өтті

Шымкентте VII Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі Білім басқармасына қарасты «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Байқауға 50 мектептен 171 оқушы қатысты. Байқаудың мақсаты - 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.

Қазылар алқасының құрамы жоғары оқу орнының ғалымдары, білім беру ұйымдарының мамандары мен қаламгерлерінен құралды. Байқау қатысушылары ережедегі шарт бойынша 6 номинация бойынша өнер көрсетті.

Әділқазылар шешімімен өнерімен озық шыққан оқушылар анықталды. Олар республикалық кезеңге жіберілмек. Атап айтсақ, шешендік, білгірлік сайысы бойынша Абай мектебінің 9-сынып оқушысы Қарлығаш Жарылқасын, көркемсөз оқу номинациясы бойынша Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы Мөлдір Еркебек, «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша №83 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Бекжан Құрманбеков үздік деп танылды. Сондай-ақ Ұлттық аспапта өнер көрсету номинациясы бойынша М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Ерзат Жолдыбай, «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша №24 IT мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Нұртілеу Төленбек және Эссе жазу номинациясы бойынша №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Ақниет Байболат дара шықты.

 

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom