Шымкент: Коммуналдық мекемелер қала көшелерін қардан тазалауда

Аймақ
20.12.2020, 13:53

Шымкент қаласында көшелерді қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу мақсатында коммуналдық мекемелер күшейтілген кестеде жұмыс жасап жатыр

Шымкент: Коммуналдық мекемелер қала көшелерін қардан тазалауда

Атап айтқанда, «ЛТД Турмыс», «Байтерек ЛБ», «Югдорсервис», «NurtauService», «Жасыл Жер» коммуналдық мекемелері 32 бағыт бойынша жұмыс атқаруда.

Қаланы қардан тазарту үшін барлығы 114 техника, 606 жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта коммуналдық мекеме қызметкерлері көшелерде көктайғақты болдырмау үшін 1626 текше метр инертті материал сеуіп шықты. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасу үстінде.

 

 

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom