Мемлекеттік қызметке кір келтірген басқарма басшысы лауазымынан босатылды

Аймақ
29.12.2020, 20:03

Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады

Мемлекеттік қызметке кір келтірген басқарма басшысы лауазымынан босатылды
Ринат Қойсоймасов, pavlodarnews.kz

Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

«Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін Ринат Қойсоймасов Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметінен босатылды», - делінген.

Ринат Қойсоймасов жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып 2019 жылдың 19 маусымында тағайындалған. Оған дейін басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Сұхбат

PhotoRoom